Бүгін наурзыдың 1-і мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын", - делінген Елбасы қол қойған Жарлықта.
Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев
- 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
- 1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
- 1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
- 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
- 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
- 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
- 2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
- 20 қаңтар—24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
- 2012 Қыркүйек—2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
- 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
- 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
- 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
- 2016 жылдың 10 қыркүйегінен 2019 жылдың 22 ақпанына дейін ҚР Премьер-министрі болды.
Оставить комментарий