Әлеуметтік желіде "The World's Best" атты америкалық шоудың кезекті бөлімінің үзіндісі жарияланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видео қызу талқыланып, жанкүйерлерінің алаңдаушылығын тудырды.
Бұл видеода америкалық шоудың жүргізушісі қазылар алқасына Димаштың мәлімдеме жасағысы келгенін айтты. Әділ қазылар алқасының реакциясынан Димаштың маңызды мәлімдеме жасағанын аңғаруға болады.
Осыған дейін Димаштың өнерін жоғары бағалап келген Ру Пол "жобаға дейін қайда келгеніңді білдің ғой", деді.
Жанкүйерлердің айтуынша, Димаш жобадан өз еркімен кетпек. Алайда олар Димаш қандай шешім шығарса да қолдау білдіретінін айтуда.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий