Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180529134930167_small.jpg
Бүгін билікте ауыс-түйістер орын алды. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жылдың ақпанына дейін Сыртқы істер министрі болған Қайрат Әбдірахманов  Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Одан бөлек Берік Арын, Дархан Сатыбалды, Асқар Тәжібаев та жаңа қызметке келді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жарлық мазмұны төмендегідей:
 
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
 
Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи