Адамның атақ-абырой, ақша-дәулет үшін Жер-ананың байлығын қалай тонағанын, жазылмас терең жараны қалай салғанын Qamshy.kz ақпарат агенттігі төмендегі 7 мысал арқылы көрсетіп, оқырманға ой салмақшы.
1.Оңтүстік Африкадағы Кимберли алып шұңқыры /Kimberlly big hole south Africa
Оңтүстік Африканың "Кимберли" деген қазан сияқты орасан зор шұңқыры. Бұл адамзат қолымен жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен шұңқырлардың біреуі. 1097 метр тереңдікте. Бұл шахта 1994 жылы жабылған. Жабылуынан бұрын бұл шахтадан 3 тоннадай алмаз өндіріп алыпты.
2. Калифорния, Монтиселло, Глори Хол (Glory Hole - Monticello Dam, California)/
Калифорнияның Монтиселло өлкесіне орналасқан "Глори Хол". Глори деп аталатын осы қазан тәріздес шұңқырды теңіз деңгейі көтеріп, су апаты қаупі төнген кезде су деңгейін төмендету үшін пайдаланады. Монтиселло су бөгетінің жанында орналасқан "Глори Хол" су тарту мақсатымен адам қолынан жасалған әлемнің ең үлкен шұңқырларының бірі. Бұған секундына 14,400 куб.м. көлем суды құюға болады
.
3. Юта штаты, Бинхам Канион шахтасы (Binghan Canyon Mine Utan)/
Юта штаты, Бинхам Канион шахтасы. Қазіргі жағдаймен бұл шахта жұмысынан пайда болған әлемнің ең үлкен шұңқыры. Қазу жұмысы 1863 жылдан бастап қазірге дейін жалғасуда. Сондықтан тереңдігі үнемі өсуде. Ең соңғы рет өлшегенде оның тереңдігі 1 км. Енді 2,5 км. өлшемді көрсеткен.
4. Белиздегі "Алып көк шұңқыр" /Great Blue Hole Belize/ Белиздегі табиғаттың ерекше кереметі саналатын "Алып көк" атты қазан сияқты шұңқыр Белизден 60 шақырым алыста орналасқан. Дүниежүзінде осы тәріздес табиғи көк шұңқырлар көп болса да "Алып көк" сияқты таңғажайып алыбы жоқ.
5. Сібірдегі (Ресей) Мирный алмаз шахтасы /Mirny Diamond Mine Siberia, Russia/ Мирниде алмаз өндіруден қалған бұл шұңқұрды түпсіз-тұңғиық десе де болады. Шахтаның тереңдігі 525 метр, диаметрі 1200 метр. Тұңғиық үстінен әуе жолы қатынасы жоқ. Яғни ұшақтар шахтадан жүздеген метр биіктікте ұшқанына қарамастан, онда тартылу күші өте қатты болғаны анықталған. Тартыс күшінің мықтылығы сондай, шұңқырға бірнеше ұшақ құлап түскен.
6. Канаданың Диавин шахтасы. /Divark Mine Canada/ Канада мемлекетіндегі бұл шахта өзгелерге қарағанда ерекше. Аумағы үлкен және жан-жағы тегіс болғандықтан, "Boing-737" ұшағы қонатындай әуежай орны бар. Жан-жағын су қоршап жатыр. Қыста суы мұз болып қатқанда, мұзы білінбей, су тәрізді мөлдіреп тұра береді екен.
7. Гватемаладағы Синкхол. /Sinkhole in Guatemola/ Түріне қарасақ, тура үрейің ұшып, өзің түсіп кетердей күйде боласың. Синкхол - алып шұңқыры жайлы жақында ғана айтыла бастаған. Шұңқырдың пайда болу тарихы жайында әзірге мәлімет жоқ. Жағасында су деңгейі көтерілгенде, жақын жатқан елдімекенді тасқын су басқанда, 12 үй тұтасымен осы үңгірге түсіп кеткен.
Оставить комментарий