Тимур Сүлейменов ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180417120901682_small.jpg

Тимур Мұратұлы Сүлейменовті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі етіп тағайындау туралы Жарлықты жария етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Т.М. Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. 

 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Оставить комментарий

Связанные Статьи