Тоқаев су тасқынын алдын алуды тапсырды

/uploads/thumbnail/20180310103148430_small.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке су тасқыны болатын аймақтардағы халық зиян шекпес үшін шаралар қолдануды тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter парақшасында жариялады.

"Үкімет пен әкімдерге көктемгі тасқын жүруі ықтимал аудандар тұрғындарының өмірлік мүдделеріне нұқсан келтірмеу үшін нақты шаралар жүргізуді тапсырдым", - деді ҚР президенті өзінің Twitter парақшасында. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Солтүстік Қазақстандағы аймақтарға су тасқыны қаупі төнуі мүмкін екендігі хабарланған. Қазіргі уақытта ол жақта қар еріп жатыр, сондықтан Есіл өзенінің кейбір жерлерінде су жағасынан шығуы мүмкін деп хабарланған.

Ұсынған. Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи