Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Айта кетейік, Әсет Исекешев бұған дейін Президнт Әкімшілігінің жетекшісі болған, оның орнына ҚР бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келген еді.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Оставить комментарий