Грузия президенті Саломе Зурабишвили әзірбайжан диаспорасымен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Взгляд» порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Грузия президенті әзірбайжандықтар тұратын Гардабани қаласына олардың Наурыз мерекесімен құттықтау үшін барған. Жергілікті халықтың грузин тілін соншалықты жақсы білмейтініне қарамастан ел президенті олармен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты.
«Мен сіздермен орыс тіліндей сөйлеспеймін. Бұл тіл бізді біріктіретін тіл емес. Мен әзірбайжан тілінде бірнеше сөздер жаттай аламын. Бірақ, біз болашағымыз жарқын болсын десек, бәрімізге ортақ бір тілде сөйлеуіміз керек», - деп айтты президент.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий