Бүгін Елбасы Алматы қаласына келді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алматылық жастар Назарбаевты гүл шоқтарымен күтіп алды. Жастар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосқаны үшін Елбасыға алғысын білдірді.
Аталмыш іс-шараға алматылық ЖОО-нан 2 мыңға жуық студент қатысты. Ал Елбасы болса өз кезегінде күтпеген сый жасап, құрметпен күтіп алғаны үшін алматылық жастарға алғыс білдірді.
"Мен ешқайда кеткен жоқпын. Мен сендермен біргемін. Айтылған барлық бастамаларды іске асыруды жалғастырыңдар. Егер берген уәделеріңді орындамасаңдар мен қайтып келіп, бәріңе сұрақ қойып шығам",- деді Назарбаев.
Сондай-ақ Назарбаев жастардың елдің дамуына қосатын үлесі зор екенін айтып өтті.
"Сендер бақыттысыңдар! Осындай әдемі қалада оқып, әлемге әйгілі елде тұрасыңдар. Қазақстан - біздің Отанымыз! Біздің міндетіміз - тәуелсіздікті сақтап қалу. Сендерге зор денсаулық және табыс тілеймін", - деп ақжарма тілегін жаудырды Елбасы.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий