Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын білуге барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге ала отырып.
Бақыт Сұлтанов пен Елжан Біртанов қаладағы №2 ауруханадағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын білуге барды.
Клиниканың бас дәрігері Иван Лидің сөзіне қарағанда, ауруханада қазірдің өзінде жол апатынан зардап шеккен 13 адам түскен: олардың сегізі орташа ауырлық дәрежеде. Зардап щекккендер қазір травматологиялық бөлімде жатыр. Екеуі хирургия бөлімінде, ал үшеуі жансақтау бөлімінде.
"Кеше біз ауыр халде жарақат алғандарға бес операция жасадық. Бұл өте күрделі операция болды. Сондай-ақ жол апатынан үлкен жарақат алған әйелге ампутация жасалды. Өкінішке орай, оның аяғын сақтап қалу мүмкін болмады." - дейді Ли.
Дәрігер науқастардың кейбіреуі 7-10 күн ішінде емделіп шығатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тапқан болатын.
Аударған: Фариза Жомартқызы
Оставить комментарий