Мәртебе мерзімі аяқталған оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, оралман мәртебесі мерзімінің аяқталуына қарамастан (1991-2018 жыл аралығындағы) ұзарту туралы республикалық акция басталғанын хабарлайды. Акцияның аяқталу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ұзартуға қажетті құжаттар: өтініш, Алматы қаласында тұратындығын дәлелдейтін мекенжай анықтамасы.
Алматы қаласында тұратын оралмандар ұзартуға өтінішті Қонаев көшесі 122 мекенжайында орналасқан (Қабанбай батыр көшесімен қиылысы, 103 қабинет, тел.: 261-10-86) Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына білдіре алады.
Оставить комментарий