Қызылорда облысында тікұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20190328093917234_small.jpg

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында 13 адамның бәрі де қаза тапты  деп мәлімдеді Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 27 наурызда ҚР Қарулы күштерініің ӘКҚ әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында көз жұмғандар бар. Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде», - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter әлеуметтік желісінде қаза тапқан экипаж мүшелеріне көңіл айтып, отбасыларына материалдық көмек көрсетілітетінін айтты.

 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

Связанные Статьи