Әкімдіктерге енді әлеуметтік желі арқылы байланысқа шыға аласыз

/uploads/thumbnail/20190329180209159_small.jpg

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты «Фейсбукте» елорда аудандары басшылары мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының парақшаларын және олардың ұялы телефондарының жеке нөмірлерін жариялайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен қалалық басқармалар мен департаменттердің басшыларына тұрғындармен тығыз байланыс орнату үшін әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық аудан әкімдері мен басқарма басшылары қала тұрғындарымен тұрақты байланыста болуға тиіс. Контенттің мазмұнына ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, белгілі бір әлеуметтік желіге ғана қосылудың қажеті жоқ.

Аудиторияны нақты білу әрі сезіну керек. Мысалы, менің білуімше, оқушылар мен студенттер «ВКонтакте» желісін пайдаланады. Сондықтан білім басқармасының қызметкерлері тек «Фейсбукте» ғана емес, «ВКонтакте» желісінде болуы керек. «Твиттерді» инвестицияларды тарту, брендтің атын шығару үшін пайдалануға болады. Сондықтан бұл тапсырманы орындауға жүйелі түрде кірісу керек», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықтың сауалдарына жедел жауап беруді тапсырды. «Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құрып, жүргізіліп жатқан саясатты түсіндіріп, жағдайды жетілдіру керек», – деді Қ.Тоқаев облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен өткен кеңесте.

1. Сарыарқа ауданының әкімі 

Егемберді Ерғали Қуандықұлы                 +7 777 770 85 08 

2. Алматы ауданының әкімі

Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы          +7 705 421 20 13 

3. Байқоңыр ауданының әкімі

Қаналимов Ерлан Ермекұлы                      +7 701 055 59 79 

4. Есіл ауданының әкімі

Закарьянов Төлеген Қабыкенұлы                     +7 702 521 09 79 

5. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Рүстемова Әлия Шайзадақызы                          +7 747 250 40 27 

6. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы

Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы                          +7 702 872 21 06 

7. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы

Қарағойшин Асхат Жиенбайұлы                        +7 701 255 44 66

8. Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы

Өтебаев Ерсін Кенжебайұлы                         +7 701 255 44 66

9. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы

Тайталиев Бақтыбай Халықұлы                  +7 701 501 51 23

10. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Әбілдинов Артем Анатольевич                          +7 776 309 54 87 

11. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы

Құлұшев Төлеген Базарбайұлы                     +7 775 671 48 28 

12. Мәдениет және спорт басқармасының басшысы

Мажағұлов Болат Бауыржанұлы                         +7 771 111 88 89 

13. Білім басқармасының басшысы

Жанғозин Әнуар Қанатұлы                                   +7 771 111 88 89 

14. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы

Танабаев Мұса Тұрманұлы                                 +7 771 165 0388

15. Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы

Есин Данияр Нұрашұлы                               +7 777 100 77 77 

16. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Қышқашбаев Тлеуғали Әшірбекұлы                        +7 701 111 71 53 

17. Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы

Бұғыбаев Аржан Мелісұлы                      +7 747 135 85 48 

18. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Түгелбаева Айжан Әлімқызы                     +7 701 533 44 66 

19. Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы

Ахметов Руслан Аманжолұлы                    +7 708 111 56 90 

20. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Төлеуов Ербол Уәлиұлы                       +7 777 699 98 60 

21. Қаржы басқармасының басшысы

Жұмаев Әліби Арыстанғалиұлы            +7 776 420 17 11

 

 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

Связанные Статьи