Фетиш балын өткізетінін жазған кәсіпкер халықтың намысына тигені үшін кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— "Армия үйі ғимаратының бөлмесін жалға алып отырған жеке кәсіпкер "Пак А.П." өзінің Халықаралық БДСМ Фетиш Балын өткізетінін жариялап, азаматтардың намыстарын қорлағаны үшін көпшіліктен шын ниетімен кешірім сұрайды. Жергілікті атқарушы органдар мен ғимарат әкімшілігінің араласуы нәтижесінде арендатор жоғарыда аталған шараны өткізуден бас тарту жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі кезде аталған бөлме жабық тұр және қызмет етуін тоқтатты. Өз кезегінде «Армия үйінің» әкімшілігі бұл тақылеттес шараларды ғимарат аумағында өткізуге үзілді-кесілді тыйым салынғандығын мәлімдеді - , деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Фетиш балы өтетіні туралы афиша қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Аталмыш бал 30-31 наурызда өткізеді деп жоспарланған.
Ұсынған: Әсел Болатқызы