Серік Жеңісов Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20190402110844657_small.jpg

Серік Жеңісов Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Серік Жеңісұлы ШҚО-ның Қатонқарағай ауданында дүниеге келген. Бұған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұрынғы қызметінде облыс әкімі жанындағы Жастар кеңесінің жұмысын жандандырып, азаматтық қоғам институттарының қызметтерін үйлестіріп келді.

Бұл қызметке дейін Серік Жеңісұлы Шығыс Қазақстандағы баспасөздің қара шаңырағының бірі - "Шығыс Ақпарат" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи