Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды

/uploads/thumbnail/20190403142640811_small.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы Ресей астанасына Владимир Путиннің шақыруымен барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басшылардың кездесуі Кремльде өтеді. Сапар барысында екі жақты келісімдер, ЕАЭО шеңберіндегі дамулар, бастамалар секілді мәселелер талқыланбақ.

Қазақстан СІМ-нің хабарлауынша, екі тарап түрлі құжаттарға қол қояды.

Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымындағы алғашқы сапары.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи