Жәди Шәкенұлының жеті кітабы жұртшылыққа ұсынылады

/uploads/thumbnail/20190405101726923_small.jpg

11 сәуір сағат 16:00 де Қазақстан Жазушылар одағының əдебиетшілер үйінде Жəди Шəкенұлының жаңадан жарыққа шыққан кітаптарының  тұсаукесер шарасы өткізілмек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтар болсақ, Жəди Шəкенұлының "Алтай алыптары", "Бозмұнар", "Қытай қазақтарының əдебиеті", "Бегзат сөз", 
"Оспан батыр жəне Шығыс Түркістан мəселелері"  атты кітаптары оқырман қауымның көзайымына айналмақ. Сондай-ақ ,"Қаралы көш" кітабының төте жазуымен шыққан нұсқасы келушілердің назарына ұсынылады. 
Салтанатты рәсімге келген азамттарға  кітаптар тегін беріледі. Ал кітаптардың саны шектеулі, сондықтан асыққаныңыз абзал.

кітап

Өтетін орны:
Қазақстан Жазушылар одағының əдебиетшілер үйінде
Уақыты: 11 сəуір 16:00де.

Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы
"Ер Жəнібек халықаралық қоғамдық қоры"
"Ел аманаты" қоғамдық бірлестігі

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи