Әділ сайлау – әділеттің нышаны

/uploads/thumbnail/20190409154805997_small.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Үндеуі дер кезінде, дәл уақытында жасалған аса мәнді шешім.

Себебі, Қазақстан халқы осынау саяси шешімді дегбірсіздене күту үстінде болатын. Іргесін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалап, қазақ елін бүкіл әлемге танытқан, Мәңгі Ел боламыз деген тұжырымдамасы бар мемлекетіміздің тұтқасын болашақта қандай тұлға ұстайды деген сауал әрбіріміздің көкейімізде шамшырақтай маздап тұрғаны жасырын емес еді. Енді сол бір аяулы да маңызды сәттің қай күні жүзеге асарын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза белгілеп берді.

Ендігі шаруа – бұрынғы бабаларымыздан қалған «Бірлік болмай тірлік болмас» деген ұлы ұстанымның аясында сол асыл бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігіміздің көк байрағын қисайтып алмай әрекет етіп, шын мәніндегі Ұлы Даланың ұлағатты ұлдарына лайық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымақтастықтың үлгісін көрсетуге тиіспіз.

Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі Заратуштраның «Ізгі ой ойла. Ізгі сөз сөйле. Ізгі іс тындыр» деген қағидаты бар еді. Бүгін Ізгі ойдан туындаған Ізгі сөз сөйленді. Алда осы ізгіліктерді іске асырар үлкен іс-шара тұр.

Алла бәрімізге бір тудың астында жиылып, әділ таңдау жасар ымыра нәсіп етсін.

 

Ақын Маралтай Райымбекұлы

Связанные Статьи