Мемлекет басшылары Қазақстандағы өзбектер мен Өзбекстандағы қазақтардың этникалық, тілдік және халықтық мәдениетті нығайтуға уағдаласты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан көшбасшысы Шавкат Мирзиеев шекараны демаркациялау үдерісі сәтті жүзеге асып жатқанын айтты. Кездесу барысында бірқатар әңгімелер айтылып, Тоқаев Өзбекстан лидерін Қазақстанға шақырды.
"Мемлекет басшылары қазақ-өзбек шекарасының демаркациялау барысын талқылап, жіберілу пунктін нақтылап, шекара бойында орналасқан елді-мекендердің өмірі туралы сөз етісті. Сондай-ақ, экономикалық байланыстар мен гуманитарлық арақатынасты нығайту үшін екіжақты барыс-келіс мөлшерін көбейтуге уәделесті", - деп көрсетілген Ақорда сайтында.
Қос көшбасшы екі ел арасындағы келісімдік-құқықтық базаны кеңейту жөніндегі ниеттерін ортаға салды. Сонымен қатар, 2020 жылға дейін екіжақты сауда көлемін 5 миллиард долларға дейін арттыруды көздейтіндерін жеткізді. Сондай-ақ, қорғаныс және әскери-техникалық ауқымда, космостық зерттеу бағытында тізе қосып жұмыс жасау туралы талқыланды.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылдың 14-15 сәуірінде Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған. Кеңейтілген отырыста көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық, экономикалық байланыс және тағы да басқа мәселелер сөз болды.
Оставить комментарий