Бүгін ҚР қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдеме жасап, кезектен тыс президент сайлауына бөлінетін қаражаттың 2,6 миллиард теңгеге қысқарып, 9,4 миллиард теңге бөлінетінін айтты.
ОСК кезектен тыс президент сайлауын өткізу үшін 12 миллиард теңге бөлуді сұраған еді. Өз кезегінде қаржы министрі:
"Біз әрбір аймақтағы учаскелер саны мен жұмыс жасайтын азаматтарың санын білдік. Азаматтардың көпшілігі науқан бойы жұмыс жасамайды. Сондықтан, аталған мәселелерді ескере отырып, сұралған қаражат көлемін 9,4 миллиард теңгеге қысқартуға шешім қабылдадық" - деді.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9-сәуір күні кезектен тыс президент сайлауын жариялаған еді.
Оставить комментарий