Президенттік сайлауда дұрыс таңдау жасау маңызды

/uploads/thumbnail/20190417155230899_small.jpg

Шығыс Қазақстан өңіріндегі Аягөз аймағының табиғаты бай, халқы тату, бірлігі жарасқан өңір. Сондықтан да бұл жердегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы да еліміздің Тұңғыш Президенті Назарбаевтың нысаналы тапсырмасының арқасында нәтижелі түрде жүзеге асуда.

Айта кету керек, Елбасы 19 наурызда халық алдында мәлімдеме жасап, билік тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Ал  сәуір күні Қасым-Жомарт Кемелұлының елде кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін жария етті. Енді жақын күндерде үміткерлерді таңдау, ұсыну басталады. Ал президенттікке ұсынылар басты үміткер «НұрОтанның» съезінде белгілі болады.

Жалпы бұл өтпелі кезеңді Аягөз халқы түсіністікпен қабылдады. Олардың пікірі төмендегідей:

–Негізі президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаев келер болса, Қазақстанға жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады. Бұлай деуіміздің бірден-бір себебі –  оның мемлекет істерін жүргізуде  бай тәжірибесі бар. Әлемдік қауымдастық Қ. Тоқаевты жақсы біледі. Ол осы уақытқа дейін түрлі келіссөздер, жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысқан саясат әлеміндегі беделді тұлғалардың қатарында,–дейді Аягөз аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә. Тоқбаев.

Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Жақыпбаева «Кез-келген істі тереңінен зерделейтін Елбасы бұл ретте де асқан данышпандық танытты. Себебі, сан жылдар бойы халықтың мүддесін алға тартып келген Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет үшін маңызды аспекттердің бақылауын өз қолында қалдырды. Бұл еліміздің тыныштығының кепілі деп білемін. Десе де, мемлекеттің тізгінің білікті басшы алғаны дұрыс. Бүгінде уақытша биліктің басында тұрған Қасым-Жомарт Тоқаевтың біліктілігі мемлекетімізді дамудың даңғыл жолына түсіретініне сенімдімін» деген пікір айтады.

–Еліміз қазір үлкен тарихи оқиғаның қарсаңында тұр. Біз ел болып өз президентімізді сайлауымыз керек. Бұл күллі халық үшін оңай шешім емес. Мұндай лауазымда кіршіксіз абыройлы, елімізде де шетелде де беделі бар, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтай алатын адам болу керек. Ал мұндай тұлға ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлын көреміз. Бұл ретте оның үлкен дипломатиялық тәжірибесін атамай кетуге болмас. АҚШ, Түркия, Қытай, Еуроодақ елдерімен, Рессей, ТМД елдерімен сонау 1994 жылдан бері жасаған келіссөздері еске оралады. Ал, сыртқы саясатты тиімді жүргізе алған тұлға, мемлекеттің қай саласын да ұтымды басқара алатынына сенімдімін,–дейді аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы С. Танықбаев.

–Расында да кім Президент болады? Мұның барлығы алдағы уақытта шешілетін болады. Біз қалай айтқанда да Елбасының тапсырмаларын жергілікті жерде жүзеге асырып жатырмыз. Аягөз өңірі президент  сайлауына дайын. Біз елдің ертеңін ойлайтын, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолы мен реформаларын жалғастыратын кандидатқа дауыс беретін боламыз,–дейді Аягөз тұрғындары.

Расында Шығыс өңірдің Аягөз ауданын басқарып отырған әкім Бақытжан Байахметовты жергілікті халық жақсы біледі. Бақытжан Кәкенқажыұлы аудан экономикасын өрге сүйреп, халықтың тұрмыс-тауқыметін шешіп келе жатқан қайраткер азамат. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік дамыған. Құрылыс та қарқынды, фермерлік шаруашылық та өркендеу үстінде, туризм саласы да көркейіп келеді. Сондықтан алдағы президенттік сайлауда аягөздіктер лайықты үміткерді таңдайтынына сенім мол.

Батыр Жасұлан

 

Связанные Статьи