Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Министрлік өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғадан кейін бірнеше адамға қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.
"Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты уақытылы анықтау бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны үшін аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог және 3 сынып жетекшісіне қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 17 сәуірде әлеуметтік желіде Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы 28 жастағы әйел адамның кәмелет жасқа толмаған үш қызға зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат, бейнефото материалдар тарап, қызу талқығы түскен болатын. Аталған оқиға бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Оставить комментарий