Алтынбек Қоразбаев әуежайда орын алған оқиғаға қатысты: Сенгім келмейді...

/uploads/thumbnail/20190419152657136_small.jpg

Алтынбек Қоразбаев «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайыновтың «ЭйрАстанамен» туындаған оқиғасына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлады ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі Qamshy.kz ақпарат агенттігіне.

«Мен Мұратпен 40 жылдан бері доспын, әріптеспін. Талай аңызға айналған концерттерді бірге жасадық. «Дос-Мұқасан»  елдегі аңыз топ, ал Мұрат – аңыз адам. Атырауда осы топқа арнап ескерткіш орнатып құрметтеп жатыр, қай өңірге бармайын, үнемі төріне шығарып сыйлайды. Осындай құрметті сыйлы адам біреуді ұрыпты, біреумен келіспей қалыпты дегенге сенгім келмейді. Қандай жағдай болмасын, мен Мұратты қолдаймын. Себебі қазір кішкене түсініспеушілік туындап қалса болды, өнер адамдарын қаралауға дайын тұрады. Мұрат замандасым біреуді орынсыз ренжітіп қоятын адамдардың қатарынан емес. Сондықтан халқымды қандай жағдай болмасын кешіріммен қарауға, ел аса бағалайтын мұндай азаматтарды құрметтеуге шақырамын», - деді қазақстандық композитор, әнші, Қазақстан халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи