Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20190422112053555_small.jpg

Далянь қаласында орналасқан химиялық зауыттың жарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Далянь қаласының өрт сөндіру қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт қоймалардың бірінде ғана орын алған.

Біршама уақыт бұрын Қытайдың баспасөз құралдарында Далянь қаласында орналасқан химиялық зауыттың өртке оранғаны туралы және оны ауыздықтау жұмыстары жүріп жатқаны жайлы ақпарат жарық көрді.

"Жексенбі күні кешкі сағат 18:54 шамасында өрт сөндіру бригадасы Цзиньпу ауданында орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар алды. Нәтижесінде қоймада сақтаулы тұрған ағаш тақтайшалар, майлы бояулар, кермаикалық заттар жанып кеткен", - делінген жарияланған мәлімдемеде.

Өрт сөндіру қызметінің мәлімдеуінше, жалын 400 шаршы метр аумақты қамтып, оны сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кеткен.

"Ғаламторда тарап жатқан химиялық зауыттағы жарылыс туралы ақпарат  шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи