Ю.Гагариннің тапқан табысы кісі күлерлік

/uploads/thumbnail/20190425102623411_small.jpg

Адамзаттың космосты зерттеу эрасы 1961 жылдың 12-сәуірінен басталды. Дәл осы датада ашық ғарышқа Совет Одағының ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин ұшқан еді. Оның есімі адамзат тарихына алтын әріппен жазылды.

Оның атын әлем таныды. Бірақ Гагариннің "адамзат тарихындағы ғарышқа алғаш ұшқан" еңбегін Совет Одағының биігі қаншалықты бағалағанын, қандай көледе материалдық сыйақы жасағанын ешкім білмейтін.  

Бүгінде Ю.Гагариннің сол ерлігін біреу қайталар болса, келесі күні ұйқысынан шіріген бай болып оянар еді. БІрақ советтік билік ондай жомарттыққа бара қоймады. Гагаринның ерлігі орындалғаннан кейін айға жуық уақыт өткенде, 18-сәуір күні ССРО Министрлер кеңесінің "Құпия" белгісі бар "Ю.А.Гагаринге сыйлық тағайындау туралы" қаулысы жасалды.

Құжатта Гагаринге берілетін мүліктің барлығы "сыйлық" есебінде тіркелген, ешқандай марапаттау немесе сыйақы емес. Тізімдегі ең көзге көрінетін дүниелер – "Волга" маркалы автокөлік пен ішінде жұмыс кабинеті бар пәтер, оның ата-анасына жиһаздарымен бірге берілетін үй.

Пәтерде жатын орын, асхана, жұмыс кабинеті сынды бөлмелердің барлығы қарастырылған. Ерекше тартымдылық болу үшін "Рубин" теледидары мен "Люкс" радиосы да орын тауыпты Гагарин пәтерінен.

Барлық шығындар ССРО Мнистрлер кеңесінің резервтік қорынан төленуі тиісті екені құжатта айтылған. Сонымен болды!

Отбасын қамтамасыз ету

Ғаламшардың алғашқы ғарышкеріне еңбегі үшін ССРО аумағындағы дефициттік заттар берілуі тисі болған. Мысалы, бастапқы жорамал бойынша күздік пальто, жеңіл палто, плащ, екі костюм, екі жұп аяқ киім, алты көйлек, екі шляпа, алты жұп шұлық, алты жұп іш киім, алты галстук, бір қолғап, бір электрлі ұстара және екі толық әскери форма берілді дегендей.

Ал қаһарманның әйелі Валентинаға келесі тізімдегі заттар бөлінген: маусымдарға сай екі пальто, үш көйлек, плащ, қара костюм, екі шляпа, үш жұп туфли, екі әйелдер сөмкесі, екі қолғап, үш кофта.

Ал Гагариннің екі қызына келесі дүние бұйырған: балалар кереуеті, балалар арбасы, төрт тоқыма көйлек, қуыршақтар мен ойыншықтар және сәбиге қажет дүниелер.

Кішкентай сәбидің дүниелерінен басқаның бәрі ғарышкердің үлкен қызы Еленаның еншісіне бұйырды. Өйткені, кіші қызы Галина сол 1961 жылы дүниеге келген еді.

Ата-анасы да назардан тыс қалмады

Совет үкіметінің билігі Юрий Алексеевичтің ата-анасы да сыйдан құралақан қалмады. Оларға үш бөлмелі пәтер, оның жиһаздары, теледидар, радиоқабылдағыш берілді.

Ғарышкердің анасына екі пальто, үш көйлек, орамал, екі жұп туфли және бірнеше кофта бұйырған.

Ал әкесіне екі пальто, фуражка, екі костюм, екі жұп бәтеңке, төрт галастук, алты көйлек және алты жұп шұлық беріліпті.

Сонымен қатар, Гагариннің әпкесі мен екі бауырына 1000 рубльдан ақша бөлінді. Бұл – 1960 жылдардағы нарықпен санасқанда, айарлықтай сыйақы еді.

Десек те, әлемді, адамзат тарихын өзгерткен адам ретінде Ю.Гагариннің еңбегінің құны шұлық пен бәтеңкеден жоғарырақ болса керек.

Аударған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи