Мигранттарды егеуқұйрыққа теңеген басшы қызметінен кетті

/uploads/thumbnail/20190425110317407_small.jpg

Австрияның Браунау қаласы мэрінің орынбасары және австриялық Еркіндік партиясының мүшесі Кристиан Шильхер мигранттарды егеуқұйрыққа теңеген өлеңі үшін сынға ұшырап, жұмыстан кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Шильхерге партиядан және қала мэрінің орынбасары қызметінен кетуге тура келді.

Австрияның федералды канцлері Себастьян Курцтің айтуынша, Шильхердің отставкаға кетуі – аталған жағдайға байланысты ең дұрыс шешім болды. Бұған дейін канцлер өңірлік шенеуніктің өлеңдерін адамгершілікке жатпайтын және нәсілдік кемсітуге жол берілген ұнамсыз шығарма деп атаған болатын. Тіпті мұндай адамға Австрияда тұруға орын жоқ екенін атап өткен.

«Қалалық егеуқұйрық» деп аталған аты шулы өлеңінде саясаткер мигранттарға тез арада «көздерін құртуды» немесе келген ортаға бейімделуге кеңес берген.

Бұл өлең Адольф Гитлер туып өскен Австрияның Браунау қаласының  «Еркіндік» партиясының партиялық газетінде жарық көрген.

Австрияның вице-канцлері және Австрия Еркіндік партиясының белсендісі Хайнц-Кристиан Штрахе де өлеңге теріс пікірін білдірген.

Сонымен қатар бұл өлеңдерден тарихи сипатқа ие ұқсастықтарды анықтап отыр. Австрияның Социал-демократиялық партиясының басшысы Памела Ренди-Вагнер, мұндай теңеулер бұған дейін нацистік насихаттауларда жиі қолданысқа ие болғанын атап өтті.

Соңғы уақытта Австрияда нәсілдік кемсітулерге жол берілген дау-дамайлар жиілеп кеткен.

Сондай-ақ, өткен аптада Штрахе өзінің фейсбук парақшасында Холокостты жоққа шығаратын сайтқа сілтеме жасаған болатын. Жастардың «Дәстүрлер көші-қонды жеңеді» деген ұраны нацистік антисемиттік бейнелерді қолданғаны үшін сынға алынды.

Шильхердің өлеңінде мынадай жолдар бар:

«Бізбен бірге өмір сүріп жатқан егеуқұйрықтар біздің ережелерімізбен өмір сүруі керек» және «Біз сияқты өмір сүріңдер, не болмаса көздеріңді құртыңдар», - деген жолдар келтірілген.

Кейін Шильхер өзінің жазған сөздері арқылы ешкімді кемсіткісі келмегенін айтты. Оның жеке пікірі бойынша, саясаткер тарихи астарға мән бермеген тек елдегі өзгерістерді атап өткісі келген. Айтуынша, бұл жағдайды барлығы өзінше «әділетті сынауға» көшкен.

 Аударған Маржан Сәбет

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи