Бетінің 80%-ын күйік шалған қыз сіздің 500 теңгеңізге мұқтаж

/uploads/thumbnail/20190426101143458_small.jpg

Баланың денсаулығы ешбір ата-ананы бей-жай қалдырмасы анық. Ананың айтқан тілегіне Qamshy.kz ақпарат агенттігі де бей-жай қарай алмады. Кішкентай Қаламқас Сырғабаеваның бетін сәби кезінде 80% күйік шалған. Осы уақытқа дейін 10 рет ота жасаған. Балақайдың бүгінде жағдайы бірқалыпты. Әлі алда 3 ота жасалады.  Мұрынға жасалатын ота сәл күрделі болатындықтан, біраз уақытты алады.

Қаламқас

Қаламқастың анасы қызының  өз қатарластары сияқты мектеп қабырғасына ақ бантик тағып,  жүзі жадырап, әдемі болып барғанын қалайды. Алайда қызының қазіргі жағдайын көрген ана жүрегі елжіреп, күндіз-түні Алладан бүлдіршінінің болашағын жарқын ете гөр деп дұға тілейді. Анасы Рәзия Байболова көпбалалы ана. Соған қарамастан көп аналар сияқты пәтер жалдап тұрады. Балаларының барлығы кәмелет жасына толмаған. Алайда Рәзия Байболова осы уақытқа дейін ешкімге алақан жайып, құр-босқа отырған ана емес. Күндіз-түні жұмыс істеп балаларының болашағы үшін өмір сүріп келеді. 7 баланың ішіндегі жалғыз қыздың тағдырына қатты алаңдаймын дейді анасы. Беті жақсарып, сөйлеп кететін болса Алланың нұры жауған болар еді деген тілегінде жасырмайды.

Алайда 12.05.2013 жылы туған қызы Қаламқасқа көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені ота жасату үшін осы уақытқа дейін біраз қаражат жұмсалған. Рәзия Байболова Қаламқасты кішкентай кезінде тауып алып, атына өткізіп, асырап алған екен.

Үш кезеңнен тұратын ота «Рахат» клиникасында жасалмақ. Анасының қолында қазіргі таңда тек бірінші отаға ғана жетер-жетпес қаражаты бар.  Ал 3 отаға кететін қаражаттың барлық сомасы – 1 млн 200 мың теңге. Егер 2500 адам 500 теңгесін қиса Қаламқастың отаға қажет қаражаты жиналар еді. Көп түкірсе - көл болар деген, бұл жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар болса көмек қолын созудан аянып қалмаса екен. Қайырымды жандардың барына сенеміз! 

Каспий Голд: 5169 4931 8379 7201

Халық Банк: 4402 5735 7165 1308

KZ: 076010002000309853

ИИН: 690523401238

8 702 295 3671

8 708 361 55 27

 Байболова Рәзия

Қаламқас

 Маржан Сәбет 

Оставить комментарий

Связанные Статьи