Ким Чен Ын туралы 10 қызықты дерек : ол дәретханаға бармайды

/uploads/thumbnail/20190427134150835_small.jpg

Әлемдегі ең құпия мемлекеттің ең атышулы көшбасшысының жеке өмірбаяны барлығының қызығушылығын тудыратыны анық. Оның өз жасында осыншалықты атақ-абыройға жету жолы да беймәлім. Солтүстік Корея секілді оның лидері туралы да ақпарат тым аз. Диктатор ешқандай журналистке ақтарыла сұхбат бермейді. Сондай-ақ оның өмірбаянында күдік туғызатын фактілер де көп.

Егер оның нағыз жасы мен ғылыми атақтарын, тағы да қызықты деректерді білгіңіз келсе, әрі қарай оқыңыз

1. Оның ресми атақтары

КХДР көшбасшысы ең көп атағы бар адамдар санаына жатады: оны «КХДР бас қолбасшысы, партияның, армияның, халықтың төрағасы» деп атайды. Әлемге таныла түсу үшін ол өзіне тағы мынадай атақтар жасатқан: «жаңа жұлдыз», «керемет басшы», «данышпандар ішіндегі данышпан» және «КХДР маршалы».

Бұл әлі соңы емес. «Данышпан» Ким Чен Ын физика ғылымы бойынша ғалым және экономика ғылымдарының докторы болып саналады.

2. Nike кроссовкаларына деген махаббат

Оқып жүрген уақытында Ким Чен Ын саясатқа айтарлықтай қызықпаған және әкесінің антиамерикалық үгіт-насихатын да қолдамаған. Сондықтан, болашақ диктатор Nike компаниясы жасаған спорттық аяқ киімдерді жинаудан басқа хобби таппапты.

3. Құпия балалық шағы

Болашақ диктатордың балалық шағы туралы еш жерде ешқандай ақпарат жоқ. Тек 2014 жылы ғана КХДР әскери-әуе күштерінің күнін тойлау кезінде экранда президенттің бала кездегі фотосы көрсетілді. Бірақ бұл фотодағы кішкентай ұл баланың Ким Чен ЫН болу-болмауы екіталай.

4. Пластикалық оталар

Оңтүстік Кореяның ақпарат қызметкерлерінің материалдарына сүйенсек, жас көшбасшы өзінің атасына ұқсау үшін бірнеше рет пластикалық операция жасатқан-мыс. Ресми деректер бұл ақпараттарды жоққа шығарғанымен, ескі фотолар мен қазіргі фотоларды салыстырсақ, айтарлықтай айырмашылық бар.

5. Швейцариядағы оқуы

1998-2000 жылдар арасында Берндегі ең керемет мектепте Солтүстік Кореядан келген студент тіркеледі. Бұл туралы ресми өмірбаянында тіркелмегені түсінікті. Өйткені, ол Еуропадағы оқуды елшілік мүшесінің баласы, яғни, Пак Ын деген есімді қолданған. Дәл соның өзі деп айтуға келмейтін, бірақ сол уақыттардан сақталған сапасыз бір сурет қана осылай ойлауға бастау болыпты.

Оның Еуропадағы қатарластары болашақ КХДР президентімен бірге оқығандарын жасырмайды. Ким Чен Ын олардың санасында спортқа әуес, сабақты аса жақсы оқи қоймаған көңілді жігіт ретінде қалыпты.

6. Кірпіктері күн өткен сайын қысқаруда

Әр жылда түсірілген фотоларды салыстырар болсаңыз, Ким Чен Ын кірпіктері қысқару үстіне қысқаруда. Белгісіз дереккөздерге сүйенсек, ол өзінің әкесі Ким Чен Ирге ұқсау үшін кірпіктерін әдейі қысқартады екен.

7. Ішімдікке құштарлық

Нақтыланбаған ақпаратты президенттің бұрынғы шеф-аспазы айтқан.  Оның айтуынша, жас диктатор тек деликатестермен ауқаттанады және ішімдікті өте көп мөлшерде ішеді. Бұдан бөлек, ол қант диабеті мен гипертония сынды ауруларға шалдыққан.

8. Шаштараздан қорқады

Жас диктатордың шаштараз алдында балалық шақтағы жарақатына байланысты паталогиялық қорқынышы бар. Сондықтан, ол шашын өзі алып отырады екен. Оның ерекше шаш үлгісінің құпиясы да осында. Солтүстік Кореяның халқының белгілі бір бөлігі шаштаразға келгенде, шаш үлгілерін сүйікті президенттерінің үлгісіне ұқсатуды сұрайды екен.

9. Туған күні белгісіз

Әртүрлі дереккөздерде оның туған күні түрлі датамен айтылады. Тіпті, жылдан шатасуға болады. Оның туған күні 1982-жылдың 8-қаңтары немесе 5-шілдесі деген ақпарат бар. Ал кейбіреулер 1983-1984 жылдар деп жазып жүр. КХДР лидері барынша жасамыс көрінгісі келгенімен, ол әлемдегі ең жас президент болып қала бермек.

10. Әжетханаға бармайды

Әрине, оның бұл қылығы біртүрлі естілетіні анық. Бірақ КХДР халқының лидердің бұл қылығына қарсылығы жоқ. Оның әкесі де дәл осындай болған екен. Және бұл ақпарат оның ресми өмірбаянында көрсетілген.

Біртүрлі дегеніміз  жұқалай айтқанымыз болар, бәлкім. Дегенмен, фактінің аты факт!

Аударған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи