Алсудың қызының жеңіске жету құпиясы ашылды

/uploads/thumbnail/20190428171036573_small.jpg

Белгілі ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың "Голос. Дети" шоуында жеңіске жетуі эстрада жұлдыздарының көмегінен болуы мүмкін. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Говорит Москва" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш дереккөздің мәліметінше, ресейлік жұлдыздар өз жанкүйерлерінен Алсудың қызына дауыс беруін сұраған.

Бұл қатарда Филипп Киркоровтың, Николай Басковтың және Светлана Лободаның фан-топтары алдымен ауызға ілініп отыр. Аталған жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы миллиондаған дауыстар жинап беруге қауқарлы.

Аталған нұсқаны "Первый канал" тізімге қосты. Алдағы уақытта мәселенің мән-жайы толыққанды анықталмақ.

Еске сала кетейік, 26-сәуір күні өткен "Голос. Дети" телешоуының финалында Алсудың қызы жеңімпаз атанған. Бірақ бұл қорытындыға көрермендер разы емес. Әлеуметтік желіде бұл оқиға үлкен дауға айналды.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи