Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге, сондай-ақ, әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.
– Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі, – деді Елбасы.
Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.
Еске сала кетсек, Елбасы Бейжіңде 26-27 сәуірде өткен "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты. Форумның ресми ашылуы аясында Назарбаев үшінші болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін сөйледі. Форумға барлығы 37 елдің басшысы қатысты.
Оқи отырыңыз, ♦Елбасы Қытай елінің "Достық" медалімен марапатталды (фото)
Ұсынған: Мақпал Сембай
Оставить комментарий