19 жастағы павлодарлық бойжеткен "Қазақстан аруы- 2019" атанды (видео)

/uploads/thumbnail/20190503091848503_small.jpg

«Қазақстан аруы 2019» титулын павлодарлық Мәдина Батық жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан аруы - 2019» байқауы NOMAD City Hall сахнасында өтті. Қазылар алқасы еліміздің барлық өңірінен қатысқан 32 арудың тек 5-еуін супер-финалға шығарды.

Олар үш тапсырманы орындады: өзін таныстыру, киім үлгісін көрсету және қысқа метражды фильм арқылы өз өңірінің туристік әлеуетін паш ету.

Конкурс барысында жеңімпазға қымбат бағалы тастармен, інжумен безендірілген тәж кигізіліп, үш миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды.

Сондай-ақ, бойжеткен жоғары сапалы брендтермен көптеген жарнамалық келісімшарт, Парижге жолдама және еліміздің атынан «Әлем ару» байқауына қатысуға мүмкіндік алды. 

Бірінші вице-мисс болып Диана Әбішева атанды. Ол Қазақстан атынан "Ғалам аруына" қатысады.

Екінші вице-мисс Надежда Недосекина, үшінші вице-мисс Сәния Мерғалиева болды.

Халықтық дауыс беру мен қазылар алқасының пікірі бойынша үздік бестікке: Диана Әбішева (Алматы), Сәния Мерғалиева (Нұр-Сұлтан), Мадина Батық (Павлодар), Надежда Недосекова (Семей) және Балжанат Анас (Шымкент) кірді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Оставить комментарий

Связанные Статьи