Күйеуі тастап кеткен 39 жастағы әйел жалғыз өзі 38 адамды асырап отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Известия" сайтына сілтеме жасап.
Угандалық Мариям Набатанзи – әлемдегі ең көпбалалы ана. Мариям 44 құрсақ көтерген, алайда олардың көбі шетінеп кеткен.
12 жасында тұрмысқа шыққан бойжеткен бір жылдан кейін тұңғыш егіздерін қолына алады. Одан кейін 3 үшемді, 5 төртемді дүниеге әкеледі. Алайда, күйеуі 3 жыл бұрын тастап кеткен. Тағдырының әр күніне ризашылықпен қарайтын ана, кофе плантациясының бойындағы кішкентай үйшіктерде өмір сүріп, шиіттей балаларын асырап отыр.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Оставить комментарий