Төреғали Төреәлінің отбасы дүркіретіп тұрып той өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, Төреғалидың отбасы былтыр дүниеге келген үшінші қызы Фатиманың тұсаукесері мен жақында дүниеге келген ұлы Төренұрдың бесік тойын бірге атап өткен.
Ғаламторды шарлаған сурет, видеоларға қарасақ, тойда қазақтың біршама танымал тұлғалары қонақ болып, Фатиманың тұсауын қазақ өнерінің атақты актері Асанәлі Әшімов кесіп, балапанды тәй-тәй жолмен әнші Майра Ілиясова жетектеп жүргізген екен.
Қазақтың атақты әнші, биші, актерлері әлеуметтік желідегі парақшаларына дүбірлеп өткен тойдан естеліктерді жарыса салып, ақжарма тілектерін аямай жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИнстаға қолым енді жетті?Баршаңызға осындай қуаныш жұғысты болсын?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий