Ресей АЭС-і Өзбекстанда салынатын болды

/uploads/thumbnail/20190503120050355_small.jpg

Өзбекстан мен Ресей атом электр станциясының қай жерге салынатыны туралы ортақ шешімге келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. Бұл - Өзбекстан аумағында салынғалы жатқан алғашқы АЭС.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстан президентімен болған кездесуден соң: "Президент Шавкат Мирзаев АЭС туралы жобаның дамып келе жатқанына ризашылық білдірді және жоба жүзеге асырылатын аумақ туралы да ортақ мәмілеге келдік ",- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, жақын арада Ресей мен Өзбекстан арасында осы тақырып аясында кеңес отырысы өтетінін де айтып өтті.

Өзбекстан президенті 8 ақпанда елдегі атом энергетикасын дамытудың 2019-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Тұжырымдаманың басты мақсаты жалпы қуаты 2,4 ГВТ болатын АЭС- тың құрылысын және қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Станцияның құрылысы 2022 жылы басталып, Ресей үкіметінен тартылатын несие есебінен жүзеге асырылмақ.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

Связанные Статьи