Ахметжан Есімов баронесса Эмма Николсонмен кездесті

/uploads/thumbnail/20170830120929010_small.jpg

Ахметжан Есімов баронесса Эмма Николсонмен кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Британ премьер-министрінің Қазақстандағы сауда елшісі, Қазакстан-Британ іскерлік кеңесінің төрағасы баронесса Эмма Николсонмен, сондай-ақ Лондон қор биржасының бастапқы капитал нарығы басқармасының басшысы Роберт Барнспен кездесті.

Кездесу Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.

«Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың белсенді қарқынының арқасында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастар өзара  байланыстың жоғары деңгейіне жетті. «Самұрық-Қазына» британдық серіктестермен бірге екіжақты инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуда белсенді рөл атқарады»,- деді  Есімов. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылы Ұлыбританияға барған сапарының аясында сол жылы құрылған Қазақстан-Британ іскерлік кеңесі (ҚБІК) аясында бірлескен қызметтестіктің перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, А. Есімов қатысушыларға Қордың IPO-ға жоспарларын ұсынып, компаниялар тобының жекешелендіру бағдарламасы мен инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде, баронесса алдағы IPO-ға қызығушылық танытып, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу соңында тараптар осы жылдың күзінде өтетін Қазақстан-Британ әскерлік кеңесін талқылады.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың қарашасында «Самұрық-Қазына» АҚ өзіне тиесілі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» 15% акциясын Лондон қор жиржасында және AIFC биржасында орналастырды. 

Биылғы жылы «Эйр Астана» АҚ-ның және «Қазақтелеком» АҚ-ның IPO-ны өткізу жоспарланып отыр. «Эйр Астана» әуекомпаниясы AIFC жергілікті биржасында және шетелде Лондонда орналасады деп болжанып отыр.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи