Зеленскийді ұлықтау рәсімі қашан өтпек?

/uploads/thumbnail/20190508111842021_small.jpg

Жоғарғы Рада депутаты Виталий Куприй жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімін 20-мамырда өткізуді ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ukraina.ru сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін, Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі өтетін күнді 19-мамырға бекітуді ұсынған болатын. Депутаттар салтанатты шараның нақты қай күні өтетін 14-мамыр күні болатын парламент отырысында анықтауға уағдаласты.

Виталий Куприйдің айтуынша, 19-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болғандықтан, жаңа президетті ұлықтау рәсімін келесі күні, яғни 20-мамырда өткізу қажет.

Куприйдің бастамасы парламент басшылығының қарауына жіберілді.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи