Алматы-Самара бағыты бойынша тікелей рейс ашылды

/uploads/thumbnail/20190508141813017_small.jpg

Азаматтық авиация комитеті «Северный Ветер» (Nordwind) әуе компаниясын аккредитациядан өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Авиация комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктем-жаз мезгілінде "Северный ветер" әуе компаниясы Самара-Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рет тұрақты түрде жолаушыларды Boeing 737 және Airbus 321 ұшақтарында тасымалдауды жоспарлап отыр.

"Северный ветер" әуе компаниясының паркі Boeing және Airbus ұшақтарының ең танымал үлгілерімен жасақталғанын атап өткен жөн.

Қазақстанның барлық халықаралық бағыттағы рейстерінің 1/3 бөлігі Ресеймен тығыз байланыста. Сол себепті Азаматтық авиация комитетінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе қатынасын дамыту бойынша жұмысы жалғасатын болады деп хабарлады.

"Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Бүгінгі таңда "Северный ветер" Ресей Федерациясының жолаушылар тасымалы бойынша алғашқы 10 әуе компаниясынының қатарына енген.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи