Ақын, аудармашы Жүкел Хамайдың "Күн ертегісі" атты қазақ тіліндегі жеке жинағы жарық көрді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақын Жүкел Хамай өзінің фейсбук парақшасында жариялады. Кітап "Əдебиет" баспа үйінен 1000 дана, 20,375 баспа табағы болып шықты.
Жүкел Хамайұлы Моңғол тіліне «Құран» сүрелерін, Абай Құнабаевтың, Махамбеттің толық жинақтарын, көптеген қазақ ақын-жазушыларының еңбектерін аударып, жариялаған ақын, аудармашы.
Х.Пэрлэнің «Көшпенділер тарихын көне таңбалар арқылы зерттеу», А.Амардың «Моңғолдың қысқа тарихы», Лүбсанданзанның «Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығы» («Алтан товч» тарихи кітабының аудармасы мен түсініктемелерін) туындыларын, У.Уйтмен, А.Мачадо, О.Дашбалбар, Ж.Болд-Эрдэнэ, Мэнд-ООЕО, А.Чакраворти, И.Хистің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Оставить комментарий