Шри-Ланка билігі мұсылман қоғамына қарсы жасалған бұзақылықтарға байланысты елде коменданттық сағат енгізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Интерфакс» агентігіне сілтеме жасап.
Мемлекетте дінаралық қақтығыстар жалғасуда. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, христиандар мешіт пен мұсылмандарға тиесілі дүкендерге шабуыл ұйымдастырғанан кейін дүйсенбіден бастап елдің үш аймағында коменданттық сағат енгізілді.
Кейінірек тәртіпсіздіктер тағы бірнеше аудандарда болғаннан кейін, коменданттық сағат бүкіл елге жүргізілді.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, билік Whatsapp, Facebook және бірнеше әлеуметтік желілерді уақытша бұғаттады. Бұл шара желіде жалған насихаттардың таралуына байланысты жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, 21-сәуір күні Шри-Ланкада бірнеше жарылыс болды. Бес жұлдызды 3 қонақ үй және 5 христиандық ғибадатханаға шабуыл жасалды. Соның салдарынан 257 адам көз жұмды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көбісі - христиан дінін ұстанушылар.
Одан кейін елде терактқа қатысты делінген екі лаңкестік топқа тыйым салынды.
ҚР СІМ ресми түрде қазақстандықтар үшін Шри-Ланкаға демалыс өмірлеріне қауіпті деп ескертті.
Аударған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий