Қызылорда облысына іссапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізінің тағдырына алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
Президент Кіші Аралдан айырылып қалмау үшін Үкімет пен әкімдіктерге шаралар қабылдауды тапсырды.
Қ.Тоқаев: Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) 14 мая 2019 г.
Президент: Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) 14 мая 2019 г.
Дайындаған: Дәурен Сыбанбай
Оставить комментарий