Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 9 мамырдағы интернеттің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер министрге 9 мамырда интернеттің бұғатталу себебін сұрады. Аталмыш сұраққа министр әдеттегідей "тексеретін боламыз" деп жауап берді.
"Қазір сіздердің өтініштеріңіз бойынша интернеттің бұғатталу себебін анықтайтын боламыз. Дәл қазір интернет істеп тұр әрі күшті істеп тұр ғой", - деді министр.
Сондай-ақ Асқар Жұмағалиев сайлау күні мұндай мәселенің қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтып, сендірді.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий