Қашқын ұсталды: Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген

/uploads/thumbnail/20190515132014661_small.jpg

BANK RBK АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы бірнеше миллиардты жымқырып кеткені үшін іздеуде жүрген. Өткен жұма күні ол Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның бспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бас прокуратура қызметкерлерінің еңбегінің арқасында Жомарт Ертаев қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден экстрадицияланды", - делінген арнайы мәлімдемеде.

Өткен жылдың наурыз айында Жомарт Ертаевқа BANK RBK АҚ-дағы қызметтік шенін пайдаланып, 2011-2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланылған.

Жомарт Ертаевпен бірге бұл қылмысқа қатысы бар адамдар ретінде 54 адам күдікті ретінде тіркелген. Олардың 41-і топ-менеджерлер болса, қалғандары қатардағы қызметкерлер. Біраз уақыт бұрын банктің экстрадицияланған үлескері Бақыт Ибрагим, И. Мажинов, Д. Туғанбай, Д. Едігенев, А. Мамырбеков, Т. Шәріпов те бар бұл қатарда.

Тергеу амалдары барысында 15 миллиард теңге қайтарылып, 48 миллиард теңгенің мүлкін қолдануға тыйым салынған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи