Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20190517100615870_small.jpg

Германия канцлері Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Нидерланды премьері Марк Рюттемен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтқан.

Меркель ханым 2021 жылы Германия министрлер кабинетінің басшылық қызметіндегі өкілеттілік мерзімі аяқталған соң, үлкен саясаттан кететінін және ешқандай саяси лауазымдық қызмет атқармайтынын айтты.

"Қай жерде болмасын, ешқандай саяси қызмет атқаратын ойым жоқ",- деді Меркель.

Естеріңізде болса, 2018 жылы Ангела Меркель Христиан-демократиялық одағының басшысы қызметінен де өз еркімен кеткен болатын.  

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Связанные Статьи