Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елде Қазақстан елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент бұйрығымен Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшісі, Нажмедин Мұхаметәлі – Оман сұлтандығындағы Қазақстан елшісі, Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі және Жанна Сартбаева Финляндиядағы елші қызметін атқаратын болады.
Сондай-ақ, Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды. Ал Ержан Мұқаш Қазақстанның Омандағы елшісі қызметін атқармайтын болады.
Ұсынған: Мақпал Сембай