13 мамырда жоғалған 18 жасар Айгүл Амангелдіні іздестіру барысында өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат rozysk_kz Instagram-парақшасында жарияланған болатын. Қыздың денесі 19 мамыр күні Талғар ауданы Белбұлақ ауылының таулы аймағында табылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өлімнің неден болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады, деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Алдын ала болжам бойынша студент суицид жасаған болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, Айгүл Амангелді 13 мамыр күні Алматыға оқуына кеткеннен оралмаған, содан кейін оны ешкім көрмеген.
"Қыздың мәйітін туыстары растады, денесінде ешбір зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - деп көрсетілген ведомствада. Дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Оқи отырыңыз:
♦ Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
Ұсынған: Маржан Сәбет
Оставить комментарий