Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан да, Ресей де шақырылмаған

/uploads/thumbnail/20190508111615458_small.jpg

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне 60 мемлекет шақырылған. Оның арасында Қазақстан жоқ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы МИД баспасөз хатшысы Екатерина Зеленко өзінің Twitter парақшасында жазды. "Ұлықтау рәсіміне бес елдің: Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Венгрия президентін; Түркияның вице президентін, Молдованың премьер-министрін; Әзербайжан парламент басшысын;  төрт елдің: Беларусия, Румыния, Словакия, Болгария вице-премьерлерін; төрт елдің: АҚШ-тан - энергетика министрі, Канададан  - қорғаныс министрі, Франциядан - Еуропа сауалдары бойынша министрді, Польшадан - МИД басшысын күтеміз. Оған қоса, өзге де 40 жоғары мәртебелілер бар", - деп жазды 18 мамыр күні.

Украинаның "Страна" порталында Владимир Путин Киевтен шақырту алмаған деп жазылған. "Ресей Федерациясы ұлықтау рәсіміне шақырылмады. Біз Украинамен тығыз серіктестік орнатып, белсенді қарым-қатынас жасайтын мемлекеттерді ғана шақырдық. Олар біздің серіктес әрі досымыз", - деген Зеленконың сөзін баса айтты. Беларусиядан өкіл келе ме, ол жағы әлі белгісіз. Шақырылғандар ішінде Қазақстан өкілдерінің де есімі аталмаған. 

"Украинская правдадағы" дереккөзге сенсек, ресми ұлықтау рәсіміне Виктор Януковичтен басқа Украинаның бұрынғы барлық президенттері шақырылған. 

Еске сала кетсек, бүгін таңда Киевте Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі өтеді деп хабарланған болатын.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Оставить комментарий

Связанные Статьи