Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсіміне жаяу келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін 20-мамыр күні Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсіміне жаяу келді. Президент көлік келе алатындай шектелген жол жиегімен Зеленский жаяу жүріп, халықпен амандасып, селфиге де түсіп үлгерген.
Бұған дейін хабарлағандай, жаңа президент үшін қызыл кілем жайылған.
Естеріңізге сала кетейік, 41 жастағы шоумен Владимир Зеленский Украинадағы президенттік сайлаудың екінші айналымында елдің қазіргі президенті Петр Порошенконы 73 пайыз дауыс жинап жеңген.
Автор: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий