Президент Владимир Зеленскийдің сөзінен кейін Украинаның Қорғаныс министрі Степан Полторак оставкаға кетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі экс-министрдің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Президент жұмысына кірісе салысымен Зеленский Жоғары Радаға Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак, Украинаның Бас прокуроры , Юрия Луценко Қорғаныс министрі Степан Полторакты жұмыстан босатуын тапсырды.
17-мамыр күні оставкасы туралы Украинаның Сыртқы істер министрі Павел Климкин хабарлады. Дәл сол күні Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Турчинов өз орнын босататынын жария етті.
Сондай-ақ президент Зеленскийдің мәлімдемесінен кейін Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак та қызметінен кетуге өтініш жазған.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий