Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда

/uploads/thumbnail/20190520145941105_small.jpg

Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегін негізге алып. Тутұғыр мен 112 шаршы метрді құрайтын мемлекеттік рәміздер алаңы ағымдағы жылы қолданысқа беріледі.

Атырау

Тудың көлемі 14,5-те 29 метрді құрайды. Оның артында мәрмәр тастан жасалған сәулет композициясы – Қазақстан картасы, қоладан жасалған барыс пен колоннада орналасқан. Сондай-ақ, құрылымның екі жағына екі иллюзиялық субұрқақ, жарықтандыру орнату және екі гектар жерді көгалдандыру көзделген.

атырау

атырау

— Қазіргі уақытта біз бетон бөлігіне көшудеміз, инженерлік коммуникацияларды жүргізіп жатырмыз. Құрылыс үшін бетон және топырақ қолданылады, төсеу жұмыстарына гранит және мәрмәр қолданылады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - ағымдағы жылдың соңы, - дейді «Кастатор» ЖШС жобалық инженері Асхат Әлианов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи