Жаңа Зеландияда мешітте адамдарды атқан ер адамға қарсы айыптау ісі басталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жаңа Зеландияның полиция сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Брентон Таррант 92 қылмыс бойынша: 51 өлім, 40 адамның өміріне қастандық жасау бойынша және теракт жасады деп айыпталып отыр.
Жаңа Зеландия тарихында алғаш рет ел азаматы теракт бойынша айыпталып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Таррант 14-маусым күні сот алдында жауап береді. Қазіргі таңда ол қамауда отыр. Сонымен қатар, оған қарсы іс қозғау үшін, психологиялық сараптамадан өтуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 15 наурызда Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 51 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып отыр. Ескерте кетейік, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады.
Аударған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий